Солтүстік Қазақстан облысында бала мен оны құтқармақ болған өгей әкесі суға батып кетті
Солтүстік Қазақстанда ер адам суға батып бара жатқан өгей ұлын құтқарамын деп, өзі де суға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"10 шілдеде Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылынан 3 шақырым жерде жергілікті тұрғындар Есіл өзеніне батып кеткен 1998 жылы туған ер адамның жансыз денесін судан шығарды. Ер адам 6 жасар өгей ұлын құтқармақ болған. Олар суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Құтқарушылар баланың денесін келесі күні тапты", – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сол күні Есіл өзенінде Түркістан облысының 20 жастағы тұрғынын іздестіру жұмыстары жүргізілді.
"Ол 9 шілде күні кешке достарымен бірге өзен жағасында болған, кейін белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Құтқарушылар мәйітті судан шығарып, сот-медициналық сараптамаға жіберді. Өлімнің себебі анықталуда", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық