Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Слово пацана" телехикаясының актері 12 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысы үшін қамауға алынды

"Слово пацана" телехикаясында эпизодтық рөлді сомдаған актер Сергей Базанов 2011 жылы кісі өлтірді деген айыппен екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: “Слово пацана” телехикаясынан алынды

Қамауға алу туралы шешімді Мәскеудің Замоскворецкий аудандық соты шығарды. Іс материалдарына сәйкес, Базанов – 12 жыл бұрын төрт белгісіз адам шабуыл жасап, 900 мың доллары бар сөмкесін тартып алмақ болған кәсіпкер Александр Дзабиевті өлтірді деп айыпталғандардың бірі. Дзабиев қарсылық көрсеткен соң шабуылдаушылар оның басынан тапаншамен атып, ақшасын алып қашып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, көз жұмған.

Актер Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша, қарақшылық шабуылды көздейтін пайдакүнемдік мақсатта топ құрып, кісі өлтірді деп айыпталуда. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру. Сот шешімімен Базанов 2024 жылдың 20 ақпанына дейін қамауда болады. 

Ол "Слово пацана" фильмінде "Универсам" тобының мүшелерінің бірі – Демидтің рөлін сомдады. IMDB веб-сайты бұл оның жалғыз актерлік жұмысы екенін айтты.

Режиссер Жора Крыжовниковтың "Слова пацана" фильмі "Қазан феномені" – 1980 жылдардағы жастардың қылмыстық топтары туралы баяндайды. Сериал Wink және Start онлайн кинотеатрларында 9 қарашада көрсетіле бастады. Оны Интернетті дамыту институтының қолдауымен Toomuch Production, NMG Studio (Ұлттық медиа тобының бөлігі, NMG холдингі), NTV (Газпром Медиа бөлігі) жасаған. Ондағы басты рөлдерді Иван Янковский ("Топи", "Текст"), Сергей Бурунов ("Полицейский с Рублевки", "Мылодрама"), Никита Кологривий ("По щучьему велению", "Два холма") сомдайды. 

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті ресейлік сенсациялық "Слово пацана" сериалын тексеруді сұраған еді. Комитет өкілдерінің айтуынша, олар мәдениет және ақпарат министрлігіне сериалдың заңсыздығына талдау жасауды сұрап хат жолдаған. Егер заңсыз деп танылса, Қазақстанда "Слово пацана" сериалына тыйым салынуы мүмкін.

Сондай-ақ Алматы облысы, Қарасай ауданының полицейлері "Слово пацана" сериалына байланысты жасөспірімдер қылмысы көбейеді деп қауіптеніп отыр. Олар фильмнің сюжеті қылмысты романтикаландырып, балалардың тағдырын талқандайды деп есептейтінін айтты. 

Талқылау