Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Слово пацана": Қазақстанның Ішкі істер министрлігі сериалды тексеруді сұрады

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті ресейлік сенсациялық "Слово пацана" сериалын тексеруді сұрағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kino-teatr.ru

Комитет өкілдерінің айтуынша, олар мәдениет және ақпарат министрлігіне сериалдың заңсыздығына талдау жасауды сұрап хат жолдаған. Егер заңсыз деп танылса Қазақстанда "Слово пацана" сериалына тыйым салынуы мүмкін.

"Бізде онлайн-платформаларға мониторинг жүргізетін уәкілетті орган мәдениет және ақпарат министрлігі бар. Ал заңға сәйкес конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге үгіттеу, үгіт-насихат жасау, елдің тұтастығы мен мемлекеттік қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни наным-сенімдерді насихаттау, таптық, рулық артықшылық, қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәдениеті, суицид және порнография, есірткі заңсыз мазмұн. Егер министрлік оны заңсыз мазмұн деп тапса, тиісті шара қолданады", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров.

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев заманауи тақырыпта жастарға қызықты сериалдарды зорлық-зомбылықсыз, кісі өлтірусіз, қорлаусыз, суицидсіз түсіруді ұсынды. 

"Қысқасы, жастарды басқаша тәрбиелеу үшін кейбір фильмдерді зорлық-зомбылықсыз түсіру керек. Осыған орай, теріс мағынадағы телехикаяларды министрдің, барлық аумақтық департаменттердің тапсырмасы бойынша, оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып, оқушылар мен студенттер арасында қылмыстық идеология тек не өлімге, не түрмеге апарады деген тақырыпта тиісті дәрістер өткізсе. Себебі мұның соңы жақсылыққа апармайды", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Талқылау