Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО тұрғыны жемістердің ішінен дәрі тауып алды (видео)

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын жемістердің ішінде бейтаныс дәрі тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Ауыл тұрғыны мандаринді тазалап отырып сүйектің орнында тұрған дәрін байқап қалады. Сандуғаш Оқасованың сөзінше, бұған ұқсас дәрілерді ол алма мен алмұрттың ішінен де тапқан. Артынша анықталғандай ол жемістерді жергілікті дүукеннен сатып алған. Жемістер Көкшетау қаласынан әкелініпті. Табылған 9 дәрі мен жемістердің өзін әйел мамандарға тапсырған. Сонымен қатар тұрғын жағдайды видеоға түсіріп алыпты. Қазіргі таңда оқиға бойынша сот алды тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Сараптама нәтижелері алдағы уақытта белгілі болады. 

"Аталған факт ҚР ҚК-нің  306 бабы 1 тармағы бойынша тіркелді. СҚО-ның полиция департаменттігі істі өз бақылауына алды. Егер кінәлілер анықталса, олар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылыуы мүмкін",- деді ПД-нің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Марат Ахметбеов. 


 

 

Талқылау