СҚО тұрғыны өз інісін пышақтап өлтірді
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны өз ағасын өлтірді, деп хабарлады полиция департаментінің штаб басшысы Сәуле Андағұлова онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, кісі өлтіру оқиғасы Жамбыл облысында болған.
«Облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне Баян ауылындағы кісі өлтіру оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы анықтағандай, спирттік ішімдікті бірлесіп ішкен ағайындылар дауласып қалған. Аудан тұрғыны 27 жастағы інісін пышақтап тастаған», - деп хабарлады Андағұлова.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Талқылау
                            
                         
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады
            
                    
                 
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді
Маманның айтуынша, желшешектің көбеюіне маусым мен екпенің аздығы себеп