Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

СҚО-да Сергеев су қоймасы үшінші күн қатарынан тасып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы үшінші күннен бері тасып жатыр. Бүгін таңертең ернеуінен асқан судың биіктігі 169 сантиметрге жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

су басу

Фото: ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК СҚО филиалының мәліметінше, бүгін сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасында ернеуден асқан судың биіктігі 169 сантиметрге жетті. Осылайша бір тәуліктің ішінде 67  сантиметр өзгерді.

Сергеевка қаласының маңында Есіл өзенінің суы көтеріліп жатыр. Кешегі көрсеткішпен салыстырғанда 361  сантиметр өзгерген. Әзірге қауіпті деңгейге жеткен жоқ.

Шал ақын ауданы Крещенка елді мекенінің маңында Есіл өзені арнасынан шығып, жайылып жатыр.

6 сәуір күні мұнда өзен деңгейі бірден 4,5 метрге көтеріліп, қауіпті деңгей 1400 сантиметрге жақындап қалған еді.

Есіл ауданы Покровка елді мекенінің маңында да Есіл өзені суының деңгейі көтеріліп келеді, бір тәулікте 31 см өзгерген.

Ал Гусаковка елді мекені маңынан өтетін Бабықбұрлық өзені суының деңгейі кешеден бері 115 сантиметр көтерілді.

Возвышенка елді мекені маңындағы гидрологиялық бекетте мамандар су деңгейінің 9 сантиметрге кемігенін анықтады.

Жалпы Петропавлға қарай Есіл өзенінде әзірге өзгеріс шамалы, -3 +10 см аралығында.

STAN.KZ
Жұма, 07 Сәуір, 2023 09:03
Талқылау