СҚО-да немересін тірідей өртеген кейуана ұзақ мерзімге сотталды
Үрейлі іске үкім шықты! Солтүстік Қазақстан облысында өгей немересін тірідей өртеп жіберген әйелге қатысты сот шешім шығарды. Алпысты алқымдаған зейнеткер асқан жауыздығы үшін 17 жылды арқалады. Қартайғанда түрмеге тоғытылған қарияға бірде-бір туысының жаны ашымады. Керісінше, сұмдық іске барған әжелерінің қапастан тірі шықпауын тіледі, деп хабарлады КТК арнасы.

Күллі Дубровое ауылын дүр сілкіндірген сұмдық оқиғаға бүгін соңғы нүкте қойылды. Бір жасқа да толмаған шақалақты отқа тастай салған әйелдің жүзіне қарамаған күйі 17 жыл жаза кескен судья, жауызды тезірек сот залынан алып кетуді бұйырды. Әрі баланы өртеп, жауыздығымен жұртты шошындырған Любовь Русалиев түрмеде ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделеді деп шешілді. Осылайша, өгей немересін өртеп өлтірген әйел жазасын алды. Ал болған жағдайдан соң ауылдастарының бетіне тіке қараудан қалған қызы болса, өгей анасының түрмеден мүлде шықпауын тілеп отыр.
“Қызымнан садаға кетсін. Қалай ғана жаны ауырмай баланы отқа лақтырды десеңізші?! Жазасы дұрыс! Анамды ешқашан кешірмеймін! Шірісін түрмеде!” – дейді жәбірленуші Олеся Грудинская.
Любовь Русалиева қызы Олесяны шақалақ кезінде асырап алған екен. Оны өсіріп-жеткізгенімен, неге екені белгісіз, одан туған балаларға сол күйі бауыр баса алмаған. Туыстарының айтуынша, тіпті, қызы ажырасып келгенде балаларды жақтырмайтынын ашық көрсетіп жүріпті.
“Оның бұрын да қолына түскен затты өртеп жіберетін әдеті бар етін. Баланың емізігін, одан кейін фотоаппартты жоқ қылды. Сосын телефонды да отқа лақтырған. Бірақ баланы өртейді деп кім ойлаған? Әлі күнге дейін сенудің өзі қиын. Масқара, сұмдық дегеннен айтарға сөз жоқ!” – дейді сотталушының туысы Лариса Сургутская.
Бірақ, баланы пешке лақытарды деп ешкім ойламаған. Күллі жұрттың төбе шашын тік тұрғызған оқиға қарашада болған. Қызы мен 9 жасар немересін нанға жұмсаған әйел сұмдық қылмысқа барған. Яғни, бір жасқа да толмаған немересін лапылдаған отқа сала салған.
Жіберіп алмаңыз:
Ақша беріп, қыздарды шешіндірген атышулы Байзақова қамауға алынды
Прокуратура: қазақстандықтар қайтыс болған туыстарының зейнетақысын алып келген
Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ тоқтатылды
Назерке Әріптің туыстары қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?