Прокуратура: қазақстандықтар қайтыс болған туыстарының зейнетақысын алып келген
Қазақстандықтар қайтыс болған туыстарының зейнетақысын алып келді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратура басқармасының бастығы Дәулембаев Жасұлан Facebook парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, жыл сайын осындай факті бойынша 20 іс қозғалады.“Қайтыс болған зейнеткердің шотына бірнеше айдың зейнетақысы түсіп қойған. Зейнеткердің қайтыс болғаны туралы құзырлы орган білген кезде зейнеткердің алдын-ала түсіп қойған қаржысын тустары пайдаланып қойды. Бұл жердегі мәселе зейнеткердің қайтыс болғаны туралы ақпараттың кеш жетуі”, – деп түсіндірді Дәулембаев.
Ақтөбе облыстық прокуратурасы ішкі істер органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы филиалының жұмысын біріктірді. Себебі жыл сайын қайтыс болған адамның зейнетақысын алып, оны өз пайдасына жаратып отыратындар тіркеліп жатыр. Кейбірі бұл туралы хабар беріп, арнайы органдарға жеткізеді. Ал 6 ай бойы зейнетақы алып, есепшотқа түскен 500 мың теңге қаржысын жұмсап жібергендер бар. Заң бойынша қайтыс болған адамның зейнетақысы кері қайтарылады.
Ол бұл мәселе екі мемлекеттік органның деректерін салыстырып, тексеруден кейін шешілетіндігін айтты.
“Ішкі істер органдары жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы филиалының өтініші бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді. Себебі, қайтыс болған адамдардың зейнетақысын пайдалану дерегі тоқтамай тұр. Бұл зейнетақы мен жәрдемақы алатын адамдардың қайтыс болғаны туралы анықтаманың дер кезінде тапсырылмауынан болып отыр. Алдағы уақытта ішкі істер органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» апта сайын ақпарат алмасып отырады”, – деп жазды басқарма бастығы.
Тағы оқыңыз:
Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ тоқтатылды
Назарбаев: мемлекет халқына тегін баспана беруге міндетті емес
Полицейлер жұмыс арасында құстар сайрап тұрған бөлмеде, арнайы кереуетте ұйықтап алатын болды
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?