Алматы облысында ер адам итті өртеп жіберген: Куәгерлер жануарға ешкімнің араша түспегеніне наразы

Алматы облысында ер адам бірнеше күн бойы қимылсыз жатқан итті өртеп жіберген. Ол шіріп кетпес үшін өртегенін айтып ақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мліметінше, оқиғаға күдікті анықталып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатқанын айтты. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікке ілінген ер адамның айтуынша, ит бірнеше күн бойы қимылсыз жатқан және шіри бастаған. Ол ауылдық чат арқылы жануарды алып кету жөнінде өтініш білдірген.
"Ешкім алып кетпеді, сондықтан оны өртеп жібердім", – деді ер адам.
Зооқорғаушы Аида Маматказина өртелген итке қатысты оқиғаны хабарлаған соң, полиция жануарға қатыгездік жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Полиция оның бұл сөздері де тергеу аясында тексеріліп жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары тексеру аяқталғаннан кейін барлық қатысы бар адамдардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Ақтөбедегі қанды терактіге 10 жыл: Елді дүр сілкіндірген оқиға қалай болған еді
Оқыңыз