Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ЖСН-дерін өзгерте ала ма: Министрлік желіде тараған ақпаратты түсіндірді

жеке куәлік
Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі желідегі тараған ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпаратты түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік кейбір жеке ақпараттарды өзгертуге болатынын айтты. Алайда ЖСН азаматқа бір рет беріледі.

"Әлеуметтік желілерде ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпарат тарап жатыр. Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгертуге құқылы. Алайда ІІМ нақтылағандай, ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді", – делінген ІІМ түсіндірмесінде.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмекке төлем жасағанда берілетін чектерде енді науқастың жеке сәйкестендіру номері (ЖСН-і) көрсетілуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 07 Қазан, 2026 19:47