Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жүкті әйелді өлтіріп, құрсағындағы сәбиді кесіп алған

Эйприл мен Демаркус Кеннет
Фото: People

АҚШ-тың Кентукки штатында 41 жастағы жүкті әйел Эйприл Барлоу Селионы өлтіріп, құрсағындағы нәрестесін кесіп алды деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

People басылымының мәліметінше, Селионың мәйіті 23 қыркүйекте өз үйінен табылған. Сот-медициналық сараптама барысында оның құрсағындағы нәрестенің денеден кесіп алынғаны анықталған.

Кейін полицейлер әйелдің үйін қайта тексеріп, нәрестенің дене қалдықтары болуы мүмкін деген заттарды тапқан. Қазір олардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында құқық қорғау органдары Демаркус Кеннет Джонсон-Райт есімді ер адамға шыққан. Күдікті басқа штатта бой тасалап жүргенімен, полиция оның жүрген жерін анықтап, ұстаған.

Кейінірек Джонсон-Райт бұған дейін де құқық қорғау органдарының назарына іліккені белгілі болды. Ол тонау, адам ұрлау, атыс қаруын заңсыз сақтау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты істер бойынша күдікке ілінген.

Қаза тапқан Эйприл Барлоу Селионың артында күйеуі мен үш баласы қалды.

Қазір әйелдің өлімі мен оның құрсағындағы сәбиге қатысты қылмыстың барлық мән-жайы анықталып, ал тергеу жалғасып жатыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 07 Қазан, 2026 18:16