Қазақстанда доллар 500 теңгеден жоғары деңгейге қайта орала ма – Ұлттық банк басшысы жауап берді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бірнеше ай бойы нығайып, кейін не себепті қайта қымбаттап бастағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүлейменовтің айтуынша, валюта нарығындағы жағдай күтпеген нәрсе емес.
"Менің ойымша, бұл жағдай қатты таңғалдыратын құбылыс емес. Бізде бұрын болған бағамда бір доллар үшін 500 теңгеден жоғары деңгей. Ал мұнай бағасы барреліне 65–70 доллар болған кезде қалыптасты. Ал негізгі экспорттық өніміміз, яғни мұнайдың бағасы шамамен екі есе қымбаттаған сайын валюта түсімі де артады. Мұндай жағдайда ұлттық валютаның нығаюы заңды", – деді Тимур Сүлейменов.
Сүлейменов сондай-ақ шетел валютасына деген сұраныс факторына назар аударды. Оның айтуынша, бұл көбіне инвестициялық жобалардың іске асуына, сондай-ақ корпоративтік, квазимемлекеттік және мемлекеттік сектордағы бағдарламаларға байланысты қалыптасады.
Оқыңыз"Мұнда маусымдық ерекшелік бар: жылдың басында валютаға сұраныс төмен болады, ал орта және соңына қарай ол артады. Доллардың бірде әлсіреп, бірде қайта күшеюі нарықтағы қалыпты процесс. Бұл өзгерістер нарық заңдылықтарына сай жүреді. Қазір нарық өздігінен реттеліп отыр. Сондықтан араласуға негіз жоқ. Жағдай тұрақты", – деді ол.
Астана мен Жезқазғандағы әрқайсысының құны 15 млн теңге болатын жылы аялдамалар орнатылмақ