Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ тоқтатылды
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептері мен колледждеріндегі сабақтар болмайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жарияланғанын хабарлады.
“Ауа райының қолайсыздығына байланысты (желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді) қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді”, — деп жазылған Астана қаласы Білім басқармасы таратқан хабарламада.
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге
Ақтөбедегі қанды терактіге 10 жыл: Елді дүр сілкіндірген оқиға қалай болған еді
2016 жылы 5 маусымда Ақтөбе қаласында ең қанды террорлық шабуылдардың бірі болды