Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі күнде екі кісі өлімі: Қызылорда облысында "маньяк" пайда болғаны туралы ақпарат тарады

Ер адам
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облыстық полиция департаменті желіде тараған облыста сериялық кісі өлтіруші жүр деген қауесеттерді жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция екі күн ішінде облыста екі адамның өлтірілгенін растады.Полиция департаментінің мәліметінше, 3 маусым күні кешкі уақытта Шиелі ауданының тұрғыны каналдағы шлюз суынан қыз баланың мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлаған.

Қыз баланың жеке басы анықталған. Марқүмның туыстарының айтуынша, қыз 2 маусым күні кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Аталған дерек бойынша "адам өлтіру" дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Осы оқиғадан кейін Қызылорда облысында бір-бірімен байланысты бірнеше кісі өлтіру оқиғалары болғаны туралы қауесеттер әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белсенді түрде талқыланып жатыр. 

Желідегі жазбалар
Фото: Әлеуметтік желіден

Полиция желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. 

“Мессенджерлер арқылы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік бар екенін ескертеді. Аталған қылмыстық істі тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – делінген полиция хабарламасында. 

Облыстағы тағы бір қайғылы оқиға 1 маусым күні тіркелген. Жаңақорған ауданы тұрғынының кісі қолынан қаза табу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты егжей-тегжейлі ақпарат жария етілмейді.

Дана Русланқызы
Жұма, 05 Маусым, 2026 21:31