СҚО-да мүмкіндігі шектеулі ер адам үйінде өртеніп кетті
Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер өз үйінде тірідей жанып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скрин
Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында болды. Өрт басталғанда жалғыз тұратын 69 жастағы ер адам ұйықтап жатқан. Зейнеткердің мүмкіндігі шектеулі екені анықталды, ол өздігінен жүріп-тұра алмаған екен. Өрт сөндірушілер жетемін дегенше, үйдің төбесі опырылып ортасына құлаған.
Құтқарушылар марқұмның денесін қиранды арасынан шығарып алды. Сараптама тағайындалып, өрттің неден шықққаны анықталып жатыр.
"Оқиға орнына сағат үштен 42 минут кеткенде жетті. Өртенген аумақ 55 шаршы метр. Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Ал марқұм — бірінші топтағы мүгедек”, – дейді СҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Аян Құсайынов.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында үйден өрт шығып, екі бала мерт болғаны туралы жазған едік.