Ақмола облысында үйден өрт шығып, екі бала мерт болды
Ақмола облысы Бұланды ауданы, Шұбарағаш ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, екі бала мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Өрттің аумағы –үш шаршы метр.
Жеті және үш жасар бала түтіннен уланып, көз жұмды.
Жедел қызмет нөмірлеріне қоңыраулар түскен жоқ. Өртті оқиға куәгерлері сөндірді.
Қайғылы оқиғаның себептерін Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу өрт сынау зертханасының мамандары анықтайды.
Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"