Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да ерлі-зайыптылар иістен уланып, көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыптылар үйінде иіске уланып көз жұмды. Тағы бір бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көз жұмды

Бұл туралы СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Оқыс оқиға 25 маусым күні Тайынша ауданының Горькое елді мекенінде болған.

"112 қызметіне ауылдағы үйлердің бірінде пешті дұрыс жақпау салдарынан екі адамның – 1977 жылғы ер адам мен оның 1982 жылғы әйелінің қаза тапқаны туралы хабарлама түсті. Ерлі-зайыпты иіс тиіп, уланып қалған. Олардың 2007 жылы туған ұлдары ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", – делінген ТЖД хабарламасында.

Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, өкпеcі жасанды желдету аппаратына қосылған. Қаза тапқандардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мамандардың айтуынша, бір күн бұрын үйдегі пеш жөнделген екен, алайда іс соңына дейін жеткізілмепті. Салдарынан пештен улы газ шыққан.

Талқылау