СҚО-да 256 мың құс "ауа жетпей, тұншығып өлген"
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының Қабдолданов Тұрсын Айтмұхаметұлы құс тұмауынан 552 мың құс өлді деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қабдолдановтың сөзінше, құстардың басым бөлігі ауа жетпей өліп қалған. Солтүстік Қазақстан облысындағы құстардың жаппай қырылуына құс тұмауының әсері болмағаны анықталды.
"Фабрикадағы құстардың мәселесіне қатысты жұмыс тобы тексеру жүргізді. Тексеріс барысында анықталған мәселе өлген құстардың 256 мыңы ауаның жетпегенінен тұншығып өлген. Ол құс тұмауынан емес. Фабрика жабық түрдегі мекеме болғандықтан, ондай фабрикада вакцинация жасалмайды. Қазір екі мекемеде тексеру жүргізілді. Ол фабрикада сақтық шаралары сақталмаған", - дейді Тұрсын Қабдолданов.
Еске салсақ, Батыс Қазақстанда үй жануарларына вакцина салынып, құс фабрикалары жаппай карантинге жабылып жатыр.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"