"СК-Фармация" мен медициналық сақтандыру қорының төрағалары жұмыстан босатылды
"СК-Фармация" АҚ басқарма төрағасы Берік Шәріп пен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Берік Шәріп қызметінен босады.
"Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша, денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен, премьер-министрдің өтініші негізінде және премьер-министрмен келісім бойынша "СК-Фармация" АҚ басқарма төрағасы Б.Шәрип қызметінен алынды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» басшыларын қызметінен босатуға немесе қажет болған жағдайда тергеу жүргізуге бұйрық берген болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"