"СК-Фармация" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер еліміздегі дәрі-дәрмек сатып алатын бірыңғай дистрибьютордың басшысы айына қанша алатынын сұрады.
"Қолыма 1 404 000 теңге аламын", - деп ол қысқаша қайырды.
Өткен жылы Ерхат Есқалиев жалақысы 1 300 000 теңге екенін хабарлаған болатын.
Ол "СК-Фармация" ЖШС басшысы қызметіне Берік Шәріп қызметінен босатылғаннан кейін 2020 жылдың 12 шілдесінде тағайындалды.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады