Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмуди туған күнінде тілегін орындамаған әріптестеріне ренжіп қалды

Бірер күн бұрын 30 жасқа толған Сиви Махмуди дүркіретіп той жасаған еді. Меймандарға алдын-ала шақырту жіберген бикештің, жалғыз ғана талабы болыпты. Туған күн иесі қонақтарын шығыс стилінде көргісі келген. Алайда, қалағаны орындалмады…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Сиви, мерейтойға ұзақ уақыт дайындалғанымен, шығыс стилінде өткізу идеясы осыдан 3 ай бұрын туындапты. Тіпті, дресс-кодтан хабардар қылу мақсатында әрбір мейманға жеке-жеке қоңырау шалған.

“Қайта-қайта звондап, естеріне салып, ұмытып кетпеңіздер қазақшылыққа салынып, бәріңіз киіп келіңіздер, өте керемет кеш болады”, – дейді Сиви.

Әйтсе де, Махмудидің меншікті мерекесінде, бұл дресс-кодты орындағандар некен-саяқ. Туған күн иесінің талабын ескермеушілердің жауабы да әр-түрлі.

“Талап болғанда енді, арнайы киім тіктіріп жүруге уақыт жоқ біріншіден. Екіншіден маған шығыс үлгісіндегі киімдер онша келе қоймайды. Енді ол біреулерге жарасады, біреулерге жараспайды”, – дейді Сәкен Майғазиев.

“Ол киімнің өз ерекшелігі болуы керек. Ал, бір жерден прокаттан ала салсаң, ол да қызық емес. Біліп қояды да, мына жерден алыпсың ғой деп, білетіндер көп мына жерде”, – дейді Нұрлан Еспанов.

Дана Кентай Сивидің өтінішін орындағанымен, бұл кеште өзін аздап жайсыз сезінгенін айтады. Өйткені, ақ қөйлек пен костюм-шалбар кигендер, әнші қызға көбірек әзілдеген көрінеді.

“100 пайызы киініп келмеген. Әсіресе ер адамдар киінбейді. Оны айтсаң, неге киініп келмедің десең, бірден осындай эмоциялары. Ал, мені көрген әріптестерім, «қатты киініп алған жоқсың ба» деп тиісіп жатыр да. Сол кезде ыңғайсызданып қалады екенсің”, – дейді Дана Кентай.

Алайда, дресс-кодты естен шығарғандар да, кеш иесінің талабына бағынғандар да ерекше әсерде. Дастархан басында айтылған ақ тілектер мен шырқалған әсем әндер, кештің көңілді өтуінің кепілі болды.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ сахнасында оғаш қылық көрсеткен Ділназ Ахмадиева жұрттан сөгіс естіді (видео)

Қазақстандық «Кеңсе аруы» халықаралық сән байқауына қатысады

Әнші Бүркіт фильм түсіргені үшін айыптағандарға жауап берді

Ерке Есмахан алғаш рет Төреғалимен болған жанжал туралы ашық айтты

Талқылау