Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмұди “істер ісі жоқ байдың қызы” деп айыптағандарға жауап берді

Әнші әрі продюсер Сиви Махмұди кезінде өзіне «істер ісі жоқ байдың қызы» деп жиі сын тағылғанын айтып берді. Шоу-бизнес әлемінде 10 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ол бүгінде өзін көре алмаған жандарды мойындатқанын айтты.

сивиетта_18

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Сынды көтере алғаннан кейін де өнер жолында жүрміз. Бұл жолда жүргенімізге де 10 жылдан асты ғой. 2006 жылы келдім. Алдымен модель, актриса, сонымен қатар әнші болдық. Сонымен бәрін үйлестіріп жүрміз, Аллаға шүкір. Басында мені «байдың ерке қызы, істер ісі жоқ» деп мойындамайтын. Тұрмысқа шықпай тұрған кезде-ақ өнер жолындағы өзімнің құрбыларым неше түрліні айтатын. Жігіттер мені ұнатып қалса солардың алдында мені кекетіп: «Ақшасы бар, ақылдың қажеті жоқ» дейтін», – деп еске алды Сиви.

Әнші әрі продюсер кезінде өзіне қырын қараған жандардың барлығын мойындатқанын айтты.

Жұрт «байдың қызы» деп санайтын Сиви бүгінде үш баланың анасы. Дүниеге үш жыл қатарынан сәби алып келген ол бүгінде денсаулығына жіті көңіл бөлуде.

«Қолдан келгенше жас болғаннан кейін пытырлатып қатарынан үш бала туып тастадым. 2013, 2014, 2015 жылдары. Бәрі қаңтар айында туған. Бірақ өкінішке қарай, оған да денсаулық керек екен. Мен шамама қарамаппын. Қазір денсаулыққа көңіл бөліп жүрмін. Маған салса жылда туамын ғой», – деп пікір білдірді Сиви.

Жіберіп алмаңыз:

Луинаның жаңа махаббат трагедиясы тыңдармандарының көзіне жас келтірді (видео)

Қайрат Нұртас елбасыға арнап ән айтты

“Мисс Қазақстан-2016” байқауы қатысушыларының ресми суреттері жарияланды (фото)

Алтынай Талғат Жорабаевқа тосыннан су жаңа көлік сыйлап қуантты (видео)

Талқылау