Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мисс Қазақстан-2016” байқауы қатысушыларының ресми суреттері жарияланды (фото)

Қазақстанның әр аймағында ең сұлу деп танылған арулар елордаға келіп жетті. Қазіргі таңда олар «Мисс Қазақстан-2016» байқауының ақтық сынына қызу дайындық үстінде. Бойжеткендер танымал фотограф Марета Келиговамен бірге ресми фотосессия жасады.

миссси

Байқаудың сайтында 25 қатысушының ресми суреттері жарияланды. Фотосессиядан бөлек, сұлулар түрлі әлеуметтік және қайырымдылық шараларына қатысты.

“Мисс Қазақстан-2016” байқауының жеңімпазы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 10 желтоқсан күні анықталатын болады. “Мисс Қазақстан” ресми сайтында бүкіл халықтық дауыс беру 30 қарашада басталып кеткен болатын. Дауыс беру ақтық кезеңге дейін жалғаса береді. Онлайн-дауыстар sms арқылы жолданған дауыстарға қосылатын болады. Дауыс беруден және билет сатылымынан түскен қаражаттың бәрі Астананың тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларына беріледі.

Ақтық кезеңде әділ-қазылар алқасы бар-жоғы бес аруға таңдау жасайды, ал еліміздегі ең сұлу аруды әдеттегідей қазақстандықтардың өздері таңдайды. Жеңімпаз бес миллион көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болып, еліміздің атынан “Әлем аруы” байқауына қатысуға мүмкіндік алады.

Назарларыңызға 25 қатысушының ресми суреттерін ұсынамыз:

Кәмиля Әсілова. 18 жастағы сұлу Алматы қаласының атынан қатысады. Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде “хореограф” мамандығы бойынша білім алған. “Маған өмір мен сұлулықты тарту еткен ата-анама алғысым шексіз”, – дейді бойжеткен.

12cd8cbe5405697a823ba352639595c3

Гүлжан Дәулетова. 19 жастағы ару “Алматы менеджмент университетінің студенті. Латынамерикалық бимен, йогамен айналысады.  Бүгінде бірнеше тілді қатар меңгерген. “I2mar” тобының әншісі.

 

Далида Наукенова. 24 жастағы бойжеткен Алматы қаласының намысын қорғайды. Мамандығы бойынша қаржыгер. Самбо спортынан Қазақстанның күміс жүлде иегері. Дастан Оразбеков жетекшілік ететін Turkiss тобының әншісі. Ол 2014 жылы өткен “Қазақ аруы – 2014” байқауында Павлодар қаласының намысын қорғаған болатын.

403a2d232480f64f6be4074c1e2d1d05

Елназ Нұрсейітова. 18 жастағы ару “Мисс Астана – 2016” байқауының жеңімпазы. Технология және бизнес университетінің студенті. Баскетбол, волейбол, армрестлинг сынды бірнеше спорт түрімен шұғылданады.

7ccd84d7d3c38142d9fe5e3dee9a2a6c

Екатерина Подгородецкая. “Мисс Астана – 2016” байқауының екінші орын иеленушісі. Экономика, қаржы және халықаралық сауда қазақ университетінің студенті. Домбыра шертіп, бос уақытында вокалмен айналысады.

aea54ee34ad4b5c9bd33aa9bd35f2d54

Бекайым Жорабекова. “Мисс Астана – 2016” байқауының “Бірінші вице-мисс” аталымының жеңімпазы. 21 жастағы бойжеткен Литва университеттерінің бірінде білім алып жатыр. “Айару” тобының әншісі.

5e609c1680347a728bb16d8ba30159ad

Мария Пятина. 17 жастағы ару Қарағанды қаласының атынан қатысады. Сурет өнері мектебін тәмамдаған. Бос уақытында бимен айналысады.

9f6bd87082e6aa4f6d94ffb94e8cabce

Айтгүл Нұрманова. 19 жастағы ару Қостанай қаласының тумасы. ЕҰУ-де халықаралық қатынастар факультетінде білім алып жатыр. Бүгінде бірнеше тілді жетік меңгерген.

9daf30268df07f85cb582a87b72dfb69

Екатерина Цыганова. 24 жастағы Катя “Мисс Петропавл – 2016” байқауының жеңімпазы. Графикалық дизайн саласында білім алған. Қару-жарақ ұстап, атқа мінгенді ұнатады.

798c0dcdff97d9923245e454c877287e

Данара Бекмырзаева. 16 жастағы қатысушы Семей қаласының намысын қорғайды. Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде білім алып жатыр. Спорттың бірнеше түрімен және бимен шұғылданады.

9900f678af29b131348e05678e75c881

Анастасия Усольцева. 18 жастағы қыз “Мисс Өскемен – 2016” байқауының жеңімпазы. Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжде білім алып жатыр. Бос уақытында сурет салып, гимнастикамен айналысқанды ұнатады.

8a91f23a460369cc1b4b5793e47378d7

Айнұр Шаймарданова. 18 жастағы ару “Мисс Орал – 2016” байқауының жеңімпазы. ШҚО Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университеттің студенті. Ұлттық бимен және спортпен шұғылданады.

d408ca0705e836102ecd38c9d1156e9a

Кристиана Шлиммер. 17 жастағы ару Қостанай қаласының намысын қорғайды. Құрылыс колледжінде архитектура бөлімінде білім алып жатыр. Қайырымдылықпен айналысқанды ұнатады.

7d9c84a5256b4233560904e2d3da3091

Айзат Қожабаева. 21 жастағы ару Павлодар қаласының атынан қатысады. Сұлтан Торайғыров атындағы университетте білім алған. Облыстық телеарнада жұмыс істейді. Таңертеңгілік бағдарламаны жүргізеді.

fa78ac1585ca54a5b72b3b0c1c5489a2

Гүлбану Әзімханова. 18 жастағы ару “Мисс Қызылорда – 2016” байқауының жеңімпазы. Болашақ медицина саласының маманы.

19a60e3929cb90d5c3ea534906096e6a

Зарина Загидуллина. 20 жастағы бойжеткен Түркістан қаласының намысын қорғайды. Қазан қаласында қаржы саласы бойынша білім алып жатыр. 2016 жылдың қыркүйек айында Батумиде өткен “Miss and Mister Planet 2016” байқауында Қазақстанның намысын қорғаған болатын. Аталған байқауда “Мисс Планета Грация – 2016” аталымын жеңіп алды.

91c17cde1cf329a2d51f8d0c114c919f

Қымбат Бертай. 21 жастағы ару “Мисс Тараз – 2016” байқауының жеңімпазы. Тараз мемлекеттік педагогика институтында “физика” мамандығы бойынша білім алып жатыр. “Адамдарға мейірімділігіңді сыйлаудан артық бақыт жоқ шығар”, – дейді ол.

6179abbe151c90527ef0121c8318ef29

Тоғжан Бекжігіт. 20 жастағы сұлу “Мисс Шымкент – 2016” байқауының жеңімпазы. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті. Бүгіні таңда аталған ЖОО-да жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша білім алып жатыр.

6372beb15c2606175dc1603b6ada1fbc

Аруна Сағатбекова. 16 жастағы бойжеткен Талдықорған қаласының намысын қорғайды. №5 мектеп-лицейде білім алып жатыр. Бұған дейін музыка мектебін тәмамдаған. Бос уақытында ән салып, фортепианода ойнағанды ұнатады.

62b395dd80d6cf0bd19120d60c8de6df

Дания Күләрқанова. 17 жастағы ару Ақтөбе қаласының намысын қорғайды. Ол әзірге №11 гимназияда білім алып жатыр. Жүзуді, шаңғымен сырғанағанды және атқа мінгенді ұнатады.

c69d0dd915ce3790a4378333b9bde1a9

Ақкүміс Елемесова. 21 жастағы қыз “Мисс Атырау – 2016” байқауының жеңімпазы. Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті. Қобыз аспабын жетік меңгерген.

5abbdfec93286e89fe498caa99174531

Балқия Сазанова. 18 жаста. “Мисс – Ақтау – 2016” байқауының жеңімпазы. “Мейірбике” колледжінің студенті. Домбыра мен фортепианода ойнайды.

b7720a25f951effe3a9eaf99ed2700a8

Айман Назенғалиева. 18 жастағы бойжеткен “Мисс Instagram” байқауының финалисі. Атыраудағы Дүтбаев атындағы гуманитарлық колледжінің студенті. Өлең шығарады.

e7236524a9a8ae7f9b7e2443e5e6e1a1

Сандина Биссен. 20 жастағы ару “Мисс Instagram” байқауының жеңімпазы. Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті. Журналистика факультетінде білім алып жатқан бойжеткен ән айтып, би билейді.

8e26c6cb73ed3f6ed6a7219fd8745c94

Жанзира Кәрібаева. 21 жастағы бұл бойжеткен де “Мисс Instagram” байқауының финалисі. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенті. “Халық музыкасы” факультетінде оқиды. Домбыра, жетіген, саз сырнай сынды бірнеше аспапты жетік меңгерген.

fdfa00700c077debd51042e0e7db8263

Жіберіп алмаңыз:

Гүлнұр Оразымбетова өзін “отбасын бұзған әйел” дегендерге жауап берді

Елбасы Тасмағамбетов пен “Мәңгілік ел” монументінің өзге авторларына сыйақы тағайындады

Қайрат Нұртастың бір күнде қанша табыс табатынын білесіз бе?

Бір-біріне ұқсай ма: қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары

Талқылау