Елбасы Тасмағамбетов пен “Мәңгілік ел” монументінің өзге авторларына сыйақы тағайындады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарай Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қаулыда: "1. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы: 1) авторлар ұжымына: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке, Сағындық Смаилұлы Жамболатовқа, Мұрат Амангелдіұлы Мансұровқа, Нұрлан Аманұлы Далбайға - «Мәңгілік Ел» монументі үшін; 2) жазушы Бексұлтан Нұржекеевке - «Әй, дүние-ай» романы үшін; 3) авторлар ұжымына: Досхан Қалиұлы Жолжақсыновқа, Рустам Одинаевқа, Айдос Жұмаділдіұлы Бектемірге, Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға - «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі үшін; 4) суретші Камиль Муллашевқа - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін берілсін. 2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған. Жіберіп алмаңыз: Оралда “жеңгетайлар” жезөкшелерді пайдаланып ақша тауып келген ШҚО-да ер адам көшеде кетіп бара жатқан оқушының белдемшесін тартып суретке түсірген Маңғыстауда 29 жастағы ер адам өзін өзі өртеп жіберді
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"