Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луинаның жаңа махаббат трагедиясы тыңдармандарының көзіне жас келтірді (видео)

Луина мен Bibo су жаңа “Екі жүрек” атты бейнебаянының тұсауын кесті. Бейнебаянда қос әнші ғашықтардың рөлін сомдаған.

луина бибо

Махаббат трагедиясымен аяқталған хикая тыңдармандардың жүрегін тебірентті.

Кездесу, кешкі ас… Әдеттегі махаббат хикаясы. Бас кейіпкер (Луина) өзінің өмірлік махаббатын тапқандай еді. Алайда айтып келмейтін ауру оның ғашығының өмірін қиды. Клипте Луинаның сүйіктісі Bibo жүрек талмасына ұшырап, көз жұмды. Тыңдармандардың жүрегін елжіреткен де клиптің осы тұсы.

“Денем тітіркеніп кетті, керемет ән”, “Аянышты, соңында көзім жасаурап кетті”, “Жүректі дір еткізбей қоймады”, – деп пікір білдірді тыңдармандар.

Айта кететін жайт, аталмыш ән қырғыз әншісі Мейірбек Атабековтің туындысы болып табылады. Өз сөзінде Луина шетелдік әріптесінің бұл әнді өзіне сыйға тартқанын мәлімдеген болатын.

 

Жіберіп алмаңыз:

Күйзеліске түскен Анджелина Джоли өлім аузында жатыр

Әнші Ademi: Күйеуім «саған төсек қатынасын ұсынады» деп әнші болғанымды қаламады

Мақпал Исабековамен ағылшын тілінде ән айтқан продюсер таңғалдырды (видео)

Жетімдер әнін шырқаған Нұрмұхаммед қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау