Сиви Махмуди: Ғашық болғым келіп жүр
Отыздан кейін өмірім енді ғана басталып жатыр, деген Сиви Махмуди енді ғашық болғысы келіп жүргенін мәлімдеді. Алайда әншінің айтуынша, бұл заманда оны баурап алатын, сезімін іс-әрекетпен дәлелдейтін жігіт жоқтың қасы, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ғашық болғым келіп жүр, бірақ өзіне ғашық ететін, іс-әрекетімен дәлелдейтін ер-азаматтар аз, өкінішке орай", - деп ағынан жарылды Сиви.
Айта кетейік, әнші өткен жылдың желтоқсан айында күйеуімен ажырасқаны жөнінде хабарлады. Айтуынша, ол 10 жыл бойы ата-анасының үмітін ақтап, отбасын сақтап қалуға тырысқан. Алайда осыдан 1,5 жыл бұрын күйеуімен айырылысуға шешім қабылдаған. Үш баласының әкесі перзенттеріне алимент төлемейді екен.
Ал Сивиге ғашық жігіттер оның ажырасқанын білген соң, іске көшкен сыңайлы. Әншінің желідегі парақшасына толассыз хаттар мен кездесуге ұсыныстар жиі түседі. Алайда Махмуди көбінесе бас тартады. Ал жуырда өткен 8-наурыз мерекесінде Махмуди көптеген сыйлықтар келгенін жасырмай айтты.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді