Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыртымнан пыш-пыштаған әңгімелерін еститінмін": Жұлдыз Әбдікәрімова кинода өзін мойындамағандар жайлы айтты

10 жыл жұрттан жасырынып, бала тәрбиесімен үйде отырған Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш ел алдына шыққан сәтін еске алды. 2017 жылы фильмге түскен ол мамандығы актриса болса да, айналадағылардың өзін мойындамағанын жеткізді. Ол Қайрат Нұртастың әйелі болғандықтан, басты рөлге түсіп жатқанын бетіне басқандар да болыпты. Бұл туралы Әбдікәрімованың өзі әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"10 жылдан кейін менің екінші өмірім басталды десем де болады. Анамның (ене) идеясымен халықтың алдына жай шықпай, фильммен презентация жасауды шештік. Оның үстіне "атамның он жылдан кейін шығуыңа рұқсат берем" деген сөзі бар еді. Сонымен он жыл да өтіп, менің ел алдына шығар сәтім туды", – деді Жұлдыз.

Алайда, айтуынша, түсірілім алаңындағы топ оны қуана қарсы алмаған. 

"Бетіме күліп қарағанымен, сыртымнан пыш-пыштаған әңгімелерін еститінмін. Бірде текстіме дайындалып отырсам, менің барымды байқамаса керек: "Әрине, мен де әншінің әйелі болсам, актриса болмасам да, басты рөлде ойнайтын едім” деген. Ешкімге ештеңе демедім. Тек өзіме "Барыңды салып, ойнап шығасың. Сөзбен емес, іспен дәлелдейсің. Егер ісіңмен дәлелдей алмасаң, қанша жерден әншінің әйелі болсаң да, бұл рөлді расымен алып шығатын актрисаға бересің" дегем. 



Мұның бәрін "Қараңдар, мен осындай кереметпін" деу үшін айтып отырғаным жоқ. 10 жыл маған сөйлемей-ақ үндеуді, сабырлы болуды үйретті. Мен баяғы 16 жасар Жұлдыз емес едім. Нені қалайтынымды және қалай жететінімді нақты білдім. Мақсатқа жету үшін - сөз кедергі жасаса, іс көмектесетінін түсіндім", - деді Әбдікәрімова.

Талқылау