Сирия президентінің әйелі қатерлі ісікті жеңіп шықты
Сирия көшбасшысы Башар Асадтың әйелі Асма Асад бір жылдық емнен кейін қатерлі ісік ауруын жеңді.

«Бір жыл бұрын басталған қатерлі ісікпен күресуде жеңіске жеткен Асма Асад ханымды Сирия Араб Республикасының басшылығы және президенттік аппараты құттықтайды», - делінген хабарламада.
Бірінші ханым сириялықтарға қолдағаны үшін алғысын білдірді.
«Бүгін мен Сирия телеарнасы арқылы мені қолдаған барша сириялыққа алғысымды білдіремін. Барлық науқасқа, қатерлі ісікпен ауырғандарға сауығуын тілеймін. Сирия мемлекетіне тыныштық пен өркендеу тілеймін», - деп хабарлайды Асму Асад.
Президенттің әйеліндегі сүт безінің қатерлі ісігі 2018 жылдың тамыз айында анықталды. Қаңтардың аяғында дәрігерлер оны жою үшін сәтті операция жасады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"