Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сырғалым" атанған жоқпын": Әнші Гүлмира Ізбасханова өтірік айтқаны үшін халықтан кешірім сұрады

Ерекше образымен көрермен жүрегіне жол тапқан әнші Гүлмира Ізбасханова алғаш рет жеке өмірі туралы айтып, халық арасындағы қауесетке нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мархабат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әншінің айтуынша, тұрмыс құрмаған көрінеді. Желіде жүктеген видеосы әзіл екенін түсіндірді. 

“Осыны айтатын кез келіпті, сәті түсіпті. Біріншіден, халықтан кешірім сұраймын. Бәрі шынымен қатты қуанды. Бәрі мені күтіп жатқандай болып көрінді. Негізі арам ойым болған жоқ. Бұл сырғаны маған әпкем сыйлаған. Соны әзілдеп желіде жариялағанмын. Соны ары қарай алып кетіп, бәрі шын көріп қалыпты. Сосын не істерімді білмей қалдым. Кешірім сұрап, шындықты айтайын ба? Әлде үндемей-ақ қояйын ба деп ойланып қалдым. Бәрінен кешірім сұраймын. Бірақ халыққа риза болдым. Ниеттеріңізден айналдым, сол орындалып кетсе екен", – деді өнер иесі. 

Сондай-ақ, әншінің сыртқы болмысын сынайтындар да азаймай тұрған көрінеді. 

“Әрине сынайтындар көп. Хэйтерлер көп жазады, жаман сөздер жазады. Бірақ өз стильім өзіме ұнайды. Біреуге ұнау үшін өмір сүрмеймін ғой. Көп адамның сөзіне мән бермеймін. Бір стильде қатып қалмаймын. Оқырмандарыма “Гүлмира деген ұлмын” деп жауап беремін”, – деді әнші. 

Желіде анасымен бірге ән айтып танымал болған әнші анасының сахнаға шығуына әкесінің қарсы болғанын жасырмады.

“Анам Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Кішкентайынан өнерге жақын болған. Чайковскийді бітірген. Бірақ әкем өнерге шығуына қарсы болған. Төрт баламен ән сапарға шығып кете алмаған. Сол себепті үйден бір қыз өнерді таңдағанын қалады. Төрт перзентінің ішінен мен ұялмайтын болдым да мамам мені сүйреді. Аллаға шүкір қазір бір-бірімізді сүйреп жәй-жәй шығып келе жатырмыз”, – деп жауап берді. 

Еске салайық, Stan.kz тілшісі әншіден алғаш сұхбат алып, елге танылуына ықпал еткен болатын.  
 

Талқылау