Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сынақ мерзімінен өте алмаған: Айзат Молдақасымова қызметінен босатылды

Алматы қаласы Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының басшысы Айзат Молдақасымова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айзат Молдагасымова

"2020 жылдың 3 маусымында Айзат Молдақасымова Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры болып қабылданды. Алайда, 1 шілдеден қыркүйектің ортасына дейін Молдақасымова уақытша еңбекке жарамсыздық парағында болды. 14 қыркүйек күні онымен еңбек шарты бұзылды. Ол өзін сынақ мерзімінде көрсете алмады", - делінген 

Осылайша, сынақ мерзімінен өтпеген Молдақасымованы жұмыстан босату туралы арнайы бұйрық шықты.

Айзат Молдақасымова аталған қызметке маусым айында тағайындалған. Кейіннен ол жаңа жұмысында жағдай жасалмағанына шағымданды. 

Еске салайық, коронавирус жұқтырған Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы қызметкерлері президентке үндеу жолдап, сол кездегі Алматының бас санитарлық дәрігерінің, яғни Айзат Молдақасымованың сөзіне шағымданды

"Дәрігерлер қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан инфекцияны жұқтырды", - деп мәлімдеген болатын қаланың бас санитарлық дәрігері Айзат Молдақасымова. 

Кейін Молдақасымованы сотқа бермек болған дәрігерді арнайы бригада мәжбүрлеп әкетпек болғаны белгілі болды.

Талқылау