Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз де адамбыз, біз де өмір сүргіміз келеді!": Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлер президенттен жағдайды жіті тексеруді сұрады

Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлер президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

коронавирус

Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері қол қойған хат желіде пайда болды. Онда медицина қызметкерлері Алматының бас санитарлық дәрігерінің сөзіне шағымданды. 

"Дәрігерлер қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан инфекцияны жұқтырды", - деп мәлімдеген болатын қаланың бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасимова. 

"Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының "себептердің бірі медициналық қызметкерлердің барлық сақтық шараларын сақтамауы" деген мәлімдемесі жала жабу болып табылады. Басқасы басқа, медициналық қызметкерлер COVID-19 қауіпі және сақтық шараларын сақтау қажеттілігі туралы жақсы біледі", - делінген дәрігерлердің әлеуметтік желіде пайда болған президентке жазған хатында.

Дәрігерлердің айтуынша, оларды инфекцияның алдын алуға белсенді түрде оқытқан. Аурухана толығымен қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Ал мекеме қызметкерлері қорғаныш костюмдерін нұсқау болмаса да киіп жүрген. Хатта дәрігерлер президенттен жағдайдың мән-жайын анықтауды сұрады.

Дәрігерлер коронавирусты санитарлық қызметтен жұқтыруымыз мүмкін деп ойлайды, себебі олар аурухананы тексеруге бірнеше рет келген. Ал кейіннен олардан коронавирусты анықтаған. 

Қалалық ауруханалардың бірінің травматологы да вирусты жұқтырудың себебін анықтауды сұрады. Ол объективті тергеу жүргізуге шақырып, видеоүндеу жолдады. Оның айтуынша, қорғаныс құралдары шынымен болған, бірақ кеш жеткізілген.

"Бір бетпердемен жүрген күндеріміз де болды. Бізде көзілдірік, арнайы костюм, аяқ киім болмады. Бізге "жоқ, жеткізіледі, бірақ қашан екені белгісіз" деді. Біз де адамбыз, біз де өмір сүргіміз келеді! Бұл жазба - жан айқайы. Дұрыс тексеру болсын, өйткені біздің қабылдау бөлмесі провизорлық орталық болып жұмыс істеді, пневмониясы бар барлық пациенттерді жеткізді", - деді травматолог. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр