Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік азамат үйінде банан, киви, ананас жемістерін өсіріп жатыр

Шымкентте Сейткәрім Сейдіғазинов есімді азамат тұрады. Шымкенттің Қырғы базарында гүл сатумен айналысатын ол кісімен біз таяуда таныстық.

banan-ananas-kivi

Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.

«Гүл сатумен айналысып келе жатқаныма 15 жылдай болды, – дейді Сейдіғазинов. – Бұларды суғарып қана қоймай, жағдайын жасау керек. Мысалы, олардың бірі жылуды жақсы көрсе, екіншісі салқынды ұнатады, осыны білген жөн. Сәнді, жапырақты өсімдіктер күн көзін онша ұнатпаса, гүлдейтін өсімдіктер үшін жарықтың, жылудың маңызы зор. Сондай-ақ гүлді өсіру үшін оның шыққан Отанын біліп алған дұрыс. Яғни ол ыстық жердің немесе ауа райы құбылып тұратын жердің гүлі болуы мүмкін. Жақсы өсуін қаласаңыз, ең бірінші оның тұратын орнын анықтап алыңыз, сосын топырағын таңдайсыз, суғару тәртібін де соған қарай таңдайсыз».

Бұл кісі күніне кем дегенде 20 гүл сататынын айтады. Сауда нүктесіндегі гүлдердің жартысын өзі өсіреді, ал қалғанын Голландиядан гүл тасымалдайтын фирмадан алады екен. Тасымалдап әкелінетіні өте әсем болғанымен нәзік, күтімде ұқыптылықты, біліктілікті көп қажет етеді, ал жергілікті аумақта өсірілгендері ауа құбылыстарына, жалпы, жайсыздықтарға төзімді болады дейді, – гүл сатушы.

Шымкенттік бағбан бүгінде үйінде тропикалық жеміс ағаштарын да өсіруде екен. Бұл жөнінде ол былай дейді:

«Осыған дейін бақшамызда лимон, мандарин өсіріп, олардан әжептеуір өнім алғанмын. Лимон ағашы күнді жақсы көреді. Өзіне бірнәрсе жақпаса жапырағы түгелімен түсіп қалады. Оны кейбір адамдар өлді деп лақтырып жатады. Кейін жағдайы жақсарса, жапырақ қайта шығады. Ол жеміс салған кезде де жапырағын түгел тастайды. Мандарин ағашының да осындай ерекшелігі бар. Осындай жеміс өсіремін дейтіндер болса, мұны білгендері дұрыс.

Мен қазір банан, киви, ананас ағаштарын өсіруді қолға алудамын. Көшеттері өте нәзік болады екен, қамқорлықты көп қажет етеді. Бұйыртса, оларды да аман-есен өсіріп, өнім аламын деген ойдамын.

Бүгінде өзім кішігірім жылыжай салып жатырмын. Болашақта онда осындай экзотикалық жемістерді өсіргім келеді. Қазақстанда да лимон, мандарин, ананас, банан, киви өсіп, өнім беріп жатса, керемет емес пе? Мен осыны армандаймын».

Секең осылай дейді. Ол кісінің мамандығы электрик  екен. Гүл өсіруді әу баста хобби ретінде бастап, кейін оған қатты қызығыпты, енді өз кәсібін жүргізіп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

11 жасар Балғынбек тоққа түсіп екі қолынан бірдей айырылған (видео) 

Алматылық транессексуал халықаралық сұлулық байқауына қатыспақ

Қан тапсырудың денсаулыққа пайдасы қандай?

Талқылау