Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қан тапсырудың денсаулыққа пайдасы қандай?

Бүгінде елімізде қан тапсыратын донорлардың қатары артып келеді. Жалпы қан тапсырудың денсаулыққа тигізер пайдасы қандай? Қан тапсырушы донорларға қандай жеңiлдiктер жасалады?

403651328

 

Бұл туралы Трансфузиология ғылыми-өндiрiстiк орталығы директорының медициналық жұмыстар жөнiндегi орынбасары Шайжамал Мұсабекова Қазақстандағы қан қызметiне арналған республикалық конференция кулуарында берген сұқбатында айтты.

«Елiмiзде қан қызметi саласында жұмыс iстейтiн 18 орталық бар. Жыл сайын Қазақстанда 220 мың донор қан тапсырады, 280 мыңға жуық донация (қанды бiрнеше рет тапсыру – агент. ескерт.) жасалады. Ал Астанада жылына 36 мың донор қан тапсырады. Трансфузиология орталығы елорданың 22 медициналық ұйымын қан және оның компоненттерiмен қамтамасыз етiп отыр.

Бiзде бiр емес, бiрнеше рет ерiктi түрде әрi тегiн қан тапсыратын донорлар саны артып келедi. Бұл көрсеткiштер күрделi оталарды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi. Бiз қанды арнайы көлiкпен және контейнерлермен жөнелтемiз. Қазiргi таңда Астана мен Алматыда орган трансплантацияланады, олар мiндеттi түрде трансфузиологиялық терапиямен қамтылады. Бiздiң қан компоненттерсiз ешбiр күрделi ота жасалмайды. Сондай-ақ, қан жол апатынан зардап шеккендерге, жан сақтау бөлiмдерiне жiберiледi. Ересектер мен балалар өмiрi үшiн күресiп жатқан онкогематология бөлiмдерi де күн сайын тромбоциттер алып отырады. Олар бiздiң компоненттерсiз өмiр сүре алмайды», – дедi маман.

Оның айтуынша, тегiн қан тапсырған донорлар «Халық денсаулығы туралы» кодекске сәйкес, 2 күн демалысқа анықтама алады. Бұл күндердi донорлар бiр жыл iшiнде қалаған кезiнде ала алады. Сондай-ақ, донорлардың қан тапсырған күнi жұмыстан босатылуға құқығы бар. Егер олар жұмысын жалғастыра берсе, бұл демалыс күнiн кейiн пайдалана алады. Сондай-ақ, донорларға қан тапсырудан кейiн қан көлемiн ұлғайтып, күш қуатын қалпына келтiру үшiн тамақ немесе 0,25 АЕК көлемiнде ақша (540 теңге) төленедi.

«Бiзде тромбоциттер, сирек кездесетiн қан топтары мен терiс резус факторлы донорлар санаты бар. Аталған категория халықтың 9 пайызын құрайды. Олар тапсырған қаны үшiн өтемақы алады. Донорларға тромбоциттер үшiн 1 АЕК, ал сирек кезедесетiн қан тобы үшiн 2 АЕК көлемiнде ақы төленедi және бiр күн демалыс берiледi. Бiз оларды шақырған кезде ғана ақысын төлеймiз», – дедi Мұсабекова.

Маман елiмiзде ең қарт донордың 71 жаста екендiгiн айтты. Алматылық Александр Скаковский 1 мыңнан астам рет қан тапсырған екен. Ал Астанадағы қарт донордың жасы – 57.

«18 жастан асқан азаматтар ғана донор бола алады. Олардың жоғарғы жасын шектемеймiз. Оны терапевт-трансфузиолог анықтайды. Адамның денсаулығы жақсы болса, 60 жастағы азамат та қан тапсыра алады. Бiрақ, оларға донация саны бойынша шектеу қойылады. Бiз егде жастағы донорлардан электр кардиограммасын, терапевт қорытындысын талап етемiз. Жалпы, қан тапсыру үшiн ең қолайлы кезең – 20-40 жас аралығы», – дейдi директордың орынбасары.

Орталық өкiлiнiң айтуынша, ерiктi донорлар туыстарына немесе бөтен адамдарға көмектесу үшiн қан тапсырады. Олардың көбi адамдарға көмек көрсетiп, жақсылық жасауды ғана көздейдi. Кейбiреулер толық тексерiлу үшiн қан тапсырады. Себебi, орталыққа келген донорлар мұқият тексеруден өтедi. Олар трансфузиялық инфекцияларға тексерiлiп, гемоглобин мөлшерi мен қан тобын бiлiп, терапевт маманға қаралады.

«Орталықта қан тапсырғандар бiзде қауiпсiз екенiн көрiп, қайта келiп жатады. Донорлардың күш қуаты артып, көңiл күйi жақсарады. Негiзi, қан тапсырудың ешқандай зияны жоқ, ол керiсiнше денсаулыққа пайдалы. Себебi, тұрақты түрде қан тапсыратындардың қан жүйесi жаңарып, олардың миокард инфарктiсiн алу қаупi 30 пайызға төмендейдi. Донор ер адам жылына 5-6 рет, ал әйелдер 4 рет қан тапсыра алады. Қан 450 миллилитрден тапсырылады. Бұл мөлшер денсаулыққа еш әсер етпейдi», – дедi маман.

Дегенмен, оның айтуынша, кез келген адам қан тапсыра алмайды. Жұқпалы аурумен ауырғандар, мысалы сифилис, туберкулез, вирустық гепатитке шалдыққандар, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырғандардан қан алынбайды. Ал тұмау жұқтырғандардан қан 2-3 апта өткеннен кейiн ғана алынады.

«Бiз қан мен компоненттердiң қауiпсiздiгiне 100 пайыз кепiл бере аламыз», – деп қорытындылады Мұсабекова.

islam.kz

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тұңғыш рет ішкі ағзасын өзгеге сыйлаған донорлар марапатталды

Қазақстандық азамат донор ретінде жарты тоннадан астам қан өткізген

Бауыр доноры болған соң босанған жалғыз қазақстандық әйел дәрігерлерді таң қалдырды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр