28 жастағы информатика пәнінен сабақ беретін азамат сенбі күні білім ошағының үшінші қабатында өз-өзіне қол салған болатын.
Шымкентте өлі күйінде табылған мұғалім жайлы жаңа деректер айтылды
Шымкенттегі мектепте асылып өлген мұғалімнің денесі туған жері Мақтаралда жерленді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
28 жастағы информатика пәнінен сабақ беретін азамат сенбі күні білім ошағының үшінші қабатында өз-өзіне қол салған болатын.
Ал қайғылы жағдай сенбі күні «Асар» ықшамауданындағы 90-мектепте болған. 4 жылдан бері информатика пәнінен сабақ беріп келген Тәкірхан Әбішевтің асулы тұрғанын оқушылар мен ұстаздар үшінші қабаттағы зертхана кабинетінен көріпті. Информатикадан бөлек , ұйымдастырушы ретінде жұмыс істейтін ұстаз сол күні түске дейінгі іс-шарасын өткізіп, ертеңіне болатын спорттық сайыстарға дайындалу үшін қалған екен. Жалпы, үнемі жайдары жүретін Тәкірханды ұстаздар да, оқушылар да қатты құрметтейтінбіз деп отыр. Және сол күні ұстаздың қабағынан ешқандай кірбің байқалмапты.
“Түстен кейін Такирхан жұмыста қалды. Өзінің кабинетінде емес 3-қабаттағы кабинетте болған. Ондай болады деген ой болған жоқ. Және көңіл-күйі өте көтеріңкі болған”, – деп хабарлайды мектеп директорының орынбасары Шахноза Сейітқұлова.
4 жылдан бері бірге жұмыс істеп келе жатқан әріптестері Тәкірханның қарыз, несие туралы айтқанын естіген емеспіз дейді. Былтыр туған інісі қайтыс болып, биыл соның жылын өткізген соң 28 жастағы марқұм күзде үйленбекші де болған екен. Бірақ мектептегілер қалыңдығы туралы да естімепті. Бұл жағынан алғанда, өзіне қол салуға жауапсыз махаббат себеп болыпты деуге де негіз жоқ.Ұстаздың асылып тұрған денесі табылған кабинетті қазір полицейлер жауып, мөрлеп тастаған. Енді олар осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге ешқандай іс қозғалмапты.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында жүргізуші әйел мен оның емізулі баласын қағып кетті
ШҚО-да қисық-қыңыр салынған жол белгісі желі қолданушыларын күлдірді (видео)
Қазақстанда зиянкестер теміржол бөлшектерін ұрлап, металл қабылдайтын жерге өткізіп жүр