Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте асылып қалған баланың ісіне қатысты 17 жасар оқушы қамауға алынды

Шымкентте өз-өзіне қол жұмсаған балаға қатысты 17 жасар оқушы қамауға алынды. Өз ауласында асылып қалған 11-сынып оқушысының қалтасынан адам аттары жазылған қағаз табылға еді.

Бұл туралы otyrar.kz жазды.

11 сынып оқушысынан ақша бопсалап, өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген күдікпен № 83-ші жалпы орта мектебінің 17 жасар оқушысы қамауға алынды.

Сонымен қатар, осы мектепте оқитын тағы бір балаға қатысты қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды.

Еске сала кетейік, Шымкентте өз үйінің ауласындағы сарайда 11-сынып оқушысы асылып, қайтыс болған еді.

Баланың қалтасынан адамдардың аты жазылған қағаз табылған. Соған қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз:

Студенттер жатақханаларды өздері салады

Анимациялық банкноттар қазақстандықтарды таң қалдырды

Ресей ұшағында жанжал шығарған қазақстандық 5 жылға сотталуы мүмкін

Ақтауда жалғызбасты ананың өртенген үйін студенттер жөндеп берді

Астанада Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш жасалып жатыр

 

Талқылау