Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анимациялық банкноттар қазақстандықтарды таң қалдырды

Анимациялық банкноттар қазақстандықтарды таң қалдырды. Смартфонға арналған арнайы бағдарлама банкнотта суреттелген қаланың көрікті жерлерін 3D форматында көруге мүмкіндік береді. Көршілес Ресейде бұл бағдарлама осы жылдың басында іске қосылған болатын. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Ол Ресейдің 2017 жылы айналымға шығарылған жаңа банкноталарын тану және тексеру үшін арналған. Бұл арнайы бағдарлама банкноттың визуалды суретін смартфон камерасымен сканерлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кеңейтілген технологияларды қолдана отырып, банкнотта суреттелген қалалардың анимациясын көрсетеді екен.

Қазақстандықтар да осы бағдарламаны жасап көрді. Бірақ отандастарымыз шығарған нұсқа банкноталарды тексеруге арналмаған. Ол Қазақстанның көрікті жерлерін көрнекі көрсету үшін ғана қызмет етеді.

 

Жіберіп алмаңыз:

Ресей ұшағында жанжал шығарған қазақстандық 5 жылға сотталуы мүмкін

Ақтауда жалғызбасты ананың өртенген үйін студенттер жөндеп берді

Астанада Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш жасалып жатыр

Биыл 13-14 наурыз күндері республика бойынша алғаш рет Амал мерекесі тойланады

Талқылау