Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 9 жасар бүлдіршін қызды зорлап кетті

2019 жылы 5 қаңтарда Шымкент қаласының тұрғыны атынан арыз түсті. Ол қызын зорлап кеткенін айтып арызданды.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Қылмыскерді ұстау үшін жедел іздеу шарасы жүргізілді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, оқиғаның мән-жайларын анықтау және заңмен қорғалатын кәмелетке толмағандардың құқықтарын құрметтеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданады, деп жазады Оtyrar.kz.

Қылмыстың кәмелетке толмаған қызға қатысты жасалғанын ескерсек, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 532-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың құпиялылық құқығын құрметтеу керек екендігін түсіндіреміз. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы жеке өмір туралы ақпарат ашу Қылмыстық кодекстің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

«Қылмыс Шымкент қаласында болған 9 жасар қыз зардап шекті. Қараусыз қалған үйде бүлдіршінге ер адам зорлық әрекеттерін жасады. Тұрғындардың айтуынша, 5 қаңтар күні күндіз қыз бала мектептен қайтып келе жатады. Бірақ үйіне жетпестен осындай жағдай орын алды. Полицейлер күдіктіні үшінші күн қатарынан іздеуде», – деп жазды желіде «КТК» арнасының тілшісі Марина Низовкина.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау