Швейцарияда эвтаназия үшін оттексіз камераларды қолдануға рұқсат етілді
Sarco компаниясы ұсынған ерікті эвтаназияға арналған капсулалар Швейцарияда заңды сараптамадан өтті. Енді аталған капсулаларды ел аумағында заңды түрде қолданып, таратуға болады. Бұл туралы капсуланы ойлап тапқан дәрігер әрі Exit International өндірістік компаниясының негізін қалаушы Филип Ничке Swissinfo басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бас-аяғы 30 секунд уақытты алады. Гипоксия немесе гипокапнияның салдарынан, яғни оттегі мен көмірқышқыл газының жетіспеушілігінен адам өледі. Адам ешқандай қысым сезбейді", — деді маман. Сөзіне қарағанда, келер жылы капсулалар Швейцарияға әкелінуі мүмкін.
Қазіргі уақытта Швейцарияда дәрігердің көмегімен суицид жасауға рұқсат етілген. 2020 жылы бұл мүмкіндікті 1,3 мың адам қолданған.
Сондай-ақ, эвтаназияны Испания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Канада мен Колумбия елдерінде заңды түрде қолдануға болады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді