Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альпинисттің cегіз жыл бұрын тау басынан тауып алған бір жәшік қазынасы өзіне берілді

Франциядағы ең биік тау Монбланды бағындыруға шыққан альпинист бір жәшік бағалы тас тауып алған. Алайда бағалы тастардың иесі анықталмағандықтан жергілікті билік пен тауып алған адам  қазынаны теңдей бөліскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС агенттігіне сілтеме жасап. 

Бір жәшік бағалы тастарды альпинист 2013 жылы тауып алған. Алайда осы күнге дейін сонша қазына кімге тиесілі екені анықталмады. 

Зергерлік сөмкелерде "Үндістанда жасалған" деген жазулар болған. Сондықтан француз билігі оларды жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Монблан тауына соғылған ұшақта қаза тапқандардың бірінікі деген болжамға келді. 

Алпинист адал жолмен француз заңдарына сәйкес, табылған затты полицияға алып келіп берген. Алайда Шамони қаласының әкімдігі қымбат тастардың иесін осы күнге дейін іздестіріп, таба алмаған.

“Біз осы байлықтың шын иесін ұзақ іздедік. Бірақ біздің талпынысымыз еш нәтиже бермеді. Шамамен, бұл қазына Монбланға 1965 жылы соғылған ұшақтың жолаушысына тиесілі болу керек”— дейді Шамони қаласының мэрі Эрик Фурнье.

Сегіз жылдан кейін Монблан орналасқан Шамони билігі заңға сәйкес альпинистке зергерлік бұйымдардың жартысын берген. Оның құны шамамен 150 мың еуроны құрайды.

Төбесі үнемі бұлтқа оранып жатытын бұл тауға Air India компаниясының екі ұшағы соғылған болатын. 

1950 жылы Монблан тауына соғылған ұшақта 48 адам қаза тапқан. Ал 1965 жылы апатқа ұшыраған ұшақта 117 адам болған.

Монбланға 1965 жылы соғылған Air India әуе компаниясына тиесілі екінші ұшақтың бортында Үнді ядролық бағдарламасының жетекшісі физик Хоми Дж. Бхабха болған.

Талқылау