Әйел шүберек қуыршаққа тұрмысқа шығып, егіз баланы "дүниеге әкелді"
Шүберек қуыршаққа тұрмысқа шыққан Бразилия тұрғыны шүберек балалар өмірге келгеннен кейінгі қиындықтар туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: focus.ua
Мейривоне Роча Мораес отбасы құруға лайық адамды кездестіре алмай, жалғыздықтан қиналған. Анасы қызына көмектеспек ниетпен шүберектен көк көзді, сарғылт шашты және мұрты бар Марсело есімді қуыршақты тігіп береді.
Бразилиялық аруға ойыншықтың ұнап қалғаны сонша, ол қуыршаққа тұрмысқа шығып, бірнеше айдан кейін Марселиньо есімді шүберек ұл "туады". Одан кейін жұптың егіз баласы "дүниеге келген".
Шүберек қуыршақтың әйелі отбасыдағы адам саны артқанда үй тірлігі де көбейгенін айтты. Бірақ күйеуі оған қолдау көрсетіп, "шомылуға, тамақ ішуге және ұйықтап алуға" көмектеседі екен. Сондай-ақ ол көп ақша қажет болғандықтан Марселоның күйзелісте жүргенін атап өтті.
"Шығын артып жатыр. Ал ол тамақ, киім, жалға алу, электр қуаты, су мен дәрі-дәрмекке ақша төлеуі керек. Осының есебін ойлап, күйзеліп жүр", - дейді әйел.
Бразилиялық арудың сөзінше, шүберек Марсело үнемі үлкен отбасын армандаған және қазір өте бақытты. Мораестің өзі кең үйге көшкісі келетінін жасырмады.
Бұған дейін Мораес жолдасының бірнеше рет көзіне шөп салғанын анықтаған. 2022 жылғы маусымда ол Марсело адал болуға уәде бергенімен, бұл әрекетін бірнеше рет қайталағанын айтты.