Шомылуға болмайды деген белгіні елемеген: СҚО-да сегіз жасар бала суға кетті
Солтүстік Қазақстан облысында сегіз жастағы жеткіншек рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп, батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 8 сәуір күні орын алған. Мағжан Жұмабаев ауданында Майбалық ауылына жақын маңдағы көлден тұрғындар суға батып кеткен баланың денесін өздері шығарыпты.
"Ыстық күні сегіз жас шамасындағы үш бала көлге шомылмақшы болған. Көлдің тереңдігі шамаман 1,5–2 метрді құрайды", - делінген ресми хабарламада.
Бұл жерде тіпті "шомылуға болмайды" деген арнайы белгі де бар көрінеді.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыста бес адам суға кеткен.
Өз кезегінде департамент өкілдері балаларға мұқият көңіл бөлуге шақырды.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге