ШҚО-дағы Риддер қаласында өрт толықтай сөндірілді
Шығыс Қазақстан облысы Риддер орман шаруашылығында шыққан тілсіз жау толықтай ауыздықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 мамыр сағат 14.30-дағы жағдай бойынша, жалпы ауданы 272,4 гектарды шарпыған дала өрті өшірілді.
"Қызыл жалын осыдан екі күн бұрын сағат 13.55-те Риддер орман шаруашылығында шыққан болатын. Екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен желдің салдарынан өртті сөндіру қиынға соқты. Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 493 адам, 69 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”