ШҚО-да терезесінен пневматикалық қарумен оқ атқан бұрынғы полицейге қатысты сот үкімі шықты
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында пәтер терезесінен оқ атып, адамдарды жаралаған бұрынғы полицейге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Риддерде мас болған ер адам пневматикалық атыс қаруымен пәтерінің терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқан.
Ол екі азаматты жаралады. Ер адамды жедел келіп жеткен тәртіп сақшылары тоқтатты. Белгілі болғандай, қала тұрғыны бұрын полиция қызметкері болған.
"Қалалық әкімшілік соттың шешімімен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сот жәбірленушілердің ауыр жарақат алмағанын, айыпталушының осыған дейін сотты болмағанын ескерді. Ол 15 900 теңге айыппұл төлейді. Ер адамнан пневматикалық мылтық тәркіленді", – делінген ақпаратта.
Еске салайық, Риддерде бұрынғы полиция қызметкері адамдарға оқ жаудырып, екі адам жарақат алған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды