AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерде бұрынғы полиция қызметкері адамдарға оқ жаудырды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында бұрынғы полиция қызметкері пневматикалық мылтықтан адамдарға оқ жаудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға көшедегі дрег-рейсинг жарысы кезінде болған.

Жарыс күні бойы жалғасыпты. Көрермендердің басым бөлігі тарап кеткен. Жарыс аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар жолақты ретке келтіруге кіріскен. Артынша тұрғын үйдің бірінші қабатындағы ер адам терезеден оқ жаудырған.

Куәгерлердің айтуынша, атыс кезінде көшеде балалар болған. 

"Мен жарыс орнындағы қоқыстарды жинап, таспаларды алу үшін 16 жастағы інімді шақырдым. Мен бауырыма жақындап, "Тоқта, келме! Олар бізге оқ жаудырып жатыр!" деп айқайладым. Мен не болғанын тіпті түсінбей қалдым", - деді оқиғаның куәгері Богдан Троценко.

Полиция оқ атқан адамды ұстады, Троценко оларға көмектесті.

"Бұл адам полиция қызметкері емес. Өйткені ол билік органдарында 15 жылдай жұмыс істемеген. Бұған дейін оған қатысты ешқандай арыз түскен жоқ", - деп түсіндірді облыстық полиция департаменті байланыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы Татьяна Карпова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр