Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да мектептегі астан уланған балалардың диагнозы белгілі болды

Шығыс Қазақстан облысында астан уланған оқушыларға қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанның дамыту орталығында 10 бала уанып ауруханаға түсті

Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп асханасында уланған 48 оқушыда дизентерия қоздырғышы анықталды. Бұл туралы зардап шеккен балалардың көбі жатқызылған ШҚО ана мен бала орталығының бас дәрігері Ермек Омарбеков мәлімдеді.

"Барлық балалардың жағдайы тұрақты. Жеңілден орташа ауырлыққа дейін. Кеше ғана екі бала қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Бүгінгі таңда 48 балада шигеллез диагнозы расталды - бұл дизентерияның қоздырғышы", - деді ол.



Айта кетейік, әзірге зардап шеккен 48 мектеп оқушысының нәтижесі алынған, барлығы 118 оқушы медициналық көмекке жүгінген, оның сегізі мектепке дейінгі жаста, 61 бала ауруханаға жатқызылған.

Еске салайық, балалар ШҚО-ның Ұлан ауданы Бозанбай орта мектебінде уланған.

18 наурызда мұнда мектеп оқушыларының жаппай улануы тіркелді. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 48 бала дене қызуының көтерілуіне, құсуға және диареяға шағымданды, олардың 19-ы ауруханаға жатқызылды.

19 наурызда дәрігерлерден көмек сұраған оқушылар саны 82-ге жетті, 36-сы ауруханаға жатқызылды.

Бүгінгі таңда уланған 118 оқушының 61-і ауруханада емделуде.

Балалар мектеп асханасында уланған деген болжам жасалды. Мектеп дереу карантинге жабылды, қылмыстық іс қозғалды. Облыс әкімі жауаптылар жазасыз қалмайтынын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр