Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында оқушылар жаппай астан уланып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында астан ұшынған оқушылардың саны артып, мектеп жабылды. Қазірдің өзінде уланғандардың саны 82 балаға жеткен. Оның 36-сы жұқпалы аурулар ауруханасына жатызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Ата-аналар балаларының 300-ге жуық оқушысы бар Бозанбай ауылындағы мектеп-интернаттың асханасынан ұшынғанын айтады. Үзіліс кезінде түскі ас ішкен оқушылардың жаппай дене қызуы көтеріліп, іші ауырған. Балалар бірден ауруханаға жеткізілген. Бірақ ауыл дәрігерлері науқастарға нақты диагноз қоя алмай қиналған.  

"Медицина қызметкерлері бір тәулік бойы медициналық көмек жасаған жоқ. Балалар ауырғанан кейін ата-аналары Өскемендегі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғаннан кейін, олардың уланғаны анықталды", - деді Бозанбай ауылының тұрғыны Тынымхан Алғабек.

Қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында 36 бала жатыр. Оларға білікті мамандар ем-дом көрсетуде. Ақ халаттылар оқушылардың денсаулығы орташа екенін айтты.

"Ауыр хәлде түскен бала жоқ. Қазір ем-дом қабылдап жатыр. Екі бала ауыруханаға жатқызылмады. Өйткені олардың денсаулығы қалыпты", - деді ШҚО ана мен бала орталығының бас дәрігері Ермек Омарбеков.



Мектеп оқушыларының жаппай неден уланғаны әлі белгісіз. Оны санитар дәрігерлер тексеріп жатыр. Облыс әкімі жауаптылар жазасыз қалмайтынын айтты. Аталмыш оқиғадан кейін өңірдегі барлық мектепті тексеруге пәрмен берді.

"Мектептерді жаппай тексеру керек. Сонымен қатар аудандағы мектептерді де тексеру қажет. Бұл тұрғыда мектептердің асханасындағы тағамдар қадағалауда болуы керек", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Ал ата-аналар айтқан меткеп-интернат жабылып, асханасы жіті тексерілуде.

Талқылау