ШҚО-да қытайлық ұйым жарылыс ұйымдастырды
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы жарылыс елдің зәре-құтын қашырды. Жарылыстың қатты болғаны сонша, бірнеше ауылдағы үйлердің тұрғындары жердің дірілін сезіпті. Дүмпу тіпті шекаралас жатқан Тарбағатай ауданының халқына да естілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" арнасына сілтеме жасап.

Жарылыс 13 қаңтар күні сағат 15:00 кезінде Кеңсай ауылынан 7-8 шақырым қашықтықтағы таудың етегінде жасалған. Шығыс Қазақстан облысымен өтетін Зайсан ауданында орналасқан Омбы-Майқапшағай тас жолының құрылысы үшін аймақтағы карьерді жаруға Қытайдың "Цзинь-цзинь" компаниясы тапсырыс беріпті. Бұл жерден жолға қажетті тас материалдары алынады екен.
"Жарылыстан кейін ауыл тұрғандарынан осы уақытқа дейін үйімізге залал келді деген ешқандай шағым келіп түскен жоқ", - деп мәлімдеді Зайсан ауданы әкімі апаратының төтенше жағдайлар бойынша бас маманы Марат Сәрсембаев.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған