ШҚО-да ер адам 7 жасар қызын зорлап, асылып қалған
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында жантүршігерлік оқиға орын алды. Ер адам кәмелетке толмаған 7 жасар қызын зорлап, артынша асылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

"Полицияға жүгінген әйел азаматтық некедегі күйеуінің мас күйінде кәмелетке толмаған қызымен жыныстық қатынасқа түскенін, артынща қашып кеткенін айтты", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның аясында 29 жастағы күдіктіні табу үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілді.
"Күдікті өлі күйінде табылды. Болжам бойынша, ол асылып қалған", - дейді полиция департаментіндегілер.
Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғастырылуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар