ШҚО-да әйелдер өртенген ғимараттың 4-қабатынан секіріп кетпек болды (видео)
Өскеменде үрейленген адамдар өртеніп жатқан ғимараттың төртінші қабатынан секірмек болды. Өрт болған жерден түсірілген видео мен фотосуреттер Instagram парақшаларында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан төрт қабатты репродуктивті медицина орталығының түтіндеп жатқаны көрсетілген. Екі әйел жоғарғы қабаттан секіріп кетпек болды.
Өрт сөндірушілер келгенде ғимараттың төбесі өртенген. 200 шаршы метрді жалын шарпыды. Құтқарушылар дереу азаматтарды эвакуациялады.
«Өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды. Өртті сөндіруге 37 жеке құрам мен 12 техника жұмылдырылды. Қазір Өскемен қаласының құтқарушылары өртті сөндіріп жатыр», - деп хабарлады департамент.
Бұған дейін Алматыда балконнан салбырап тұрған ер адам жайлы жазған едік. Фото таралып, қазақстандықтар арасында қызу талқыланды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді