Алматыда жартылай жалаңаш ер адам балконда салбырап тұрған: Фотодағы ер адамның кім екені анықталды

Желіде балконда салбырап тұрған ер адамның фотосы таралып, қазақстандықтар арасында қызу талқылануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бастапқыда орамалға оранған, шұлық киген ер адамның фотосы желіде таралды. Ол балконда салбырап тұрған. Желі қолданушылары ер адамды біреудің көңілдесі деп болжаған. Әйелдің күйеуі келіп қалып, ер адам балконға тығылуға мәжбүр болған, дейді пікір жазушылар. 

Кейіннен желіде осы оқиғаға қатысты тағы бір фото таралды. Онда ер адамды әйелдің тартып, ішке кіргізіп жатқаны көрінеді. 

Желі қолданушылары түрлі пікірлерін қалдырып жатты: Біреу қазір өз балконын таниды, Кептірініп тұр ма, әлде орамалын кептіріп тұр ма? деп жазды олар.

Оқиға Алматы қаласында Абылайхан көшесі бойындағы үйлердің бірінде болған.

Кейінірек, балкондағы ер адамның блогер-пранкер Аян Першанов екені белгілі болды. 

"Бұл менің видеом. Балконда тұрған мен. Кейінірек басқа жайттарды айтып беремін",- деп жазды ол.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр